Қазанда ҚР-дың бас консулдығы ашылды
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қазан қаласында Қазақстанның бас консулдығының ашылуына орай ҚР бас консулы Асхат Нұскабай мен Татарстан Республикасының премьер-министрі Ильдар Халиковтің кездесуі өтті.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Кездесуге Қазан қаласындағы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің өкілі Радик Вахитов және Татарстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Гүлнар Ахмадеева қатысты. Кездесу барысында тараптар ресми делегациялар және іскер орта өкілдерінің белсенділігін арттыру және олардың бір-біріне сапарларын көбейту туралы, аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін, Қазақстанның Қазандағы бас консулдығы қызметінің болашағы туралы атап айтып, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайын және келешегі бар бағыттарын талқылады», - деп айтылған хабарламада.
«И.Халиков, казақстандық дипломатты бас консулдықтың ашылуымен және жаңа тағайындаумен құттықтай келе, оны биылғы жылы Қазанда өтетін Универсиадаға дайындық барысымен таныстырды», - деп хабарлайды Қазан мэриясы.