Қазанда сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі белгіленді - Статистика
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2011 жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 2,6, импортталатын тауарларға 0,2 пайызға төмендеді,
деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, экспорттық жеткізілімдерге бір айда бағаның қорғасынға - 9,6, табиғи газға - 6,8, мұнайға - 3,8, алюминийге - 2,3, мұнай өнімдеріне - 1,1 пайызға төмендеуі, олардың газ конденсатына - 6,5, қара металдардан жасалған бұйымдарға - 5,2, сұйытылған пропан мен бутанға - 1,3 пайызға жоғарылауы белгіленді. Баға бидайға - 11,3, жүн мен мақтаға - 2,8 пайызға төмен болды.
«Импорттық түсімдерден шарап - 6,7, балық - 5,5, қант - 3,3, құс еті - 3,2, өсімдік майы - 1,5, маргарин - 1,4 пайызға арзандады, шай - 9,5, кофе - 3,2 пайызға қымбаттады», - делінген хабарламада.