Қазанда төрешілердің шалағайлығы барынша байқалды - Универсиаданың күміс жүлдегері Э.Осканов
Алайда, төрешілердің шалағайлығы барынша байқалды. Бұл пікірді бүгін журналистерге сұхбат берген Қазан Универсиадасының күміс жүлдегері, қазақстандық балуан Эскархан Осканов білдірді.
«Сөз жоқ, Қазан қаласындағы Универсиада жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бізге аталған халықаралық доданы ұйымдастыру жағы қатты ұнады. Енді, финалда кілем иесімен кездескеннен кейін оны барынша жеңу керек болды. Әрине, мен кейбір техникалық қателіктерге жол бердім. Алайда төрешілердің де шалағайлығы барынша байқалды. Олар маған екі ұпай берілетін жерде қарсыласыма бір ұпай белгілеп отырды. Сосын мүлдем ұпай берілмейтін кезде де өз жерлестеріне ұпай беріп жатты», - дейді Э.Осканов.
Айта кеткен жөн, финалда Э.Осканов ресейлік Ренат Ахметшинмен кездесіп, 0:4 есебімен ұтылып қалды.