Қазанда зағип жандарға арналған ислам курсы ашылатын болды
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазан қаласында зағип жандарға арналған ислам курсы ашылатын болды. Бұл туралы muslim.kz сайтынан хабарланды.
«Көзі нашар көретіндер немесе су қараңғы соқырлар үшін қасиетті Құранды оқып-үйрену мүмкіндігі пайда болды. Көзі көрмейтіндерге арналған оқу-оңалту орны 15 қыркүйекте Қазан қаласындағы Сүлеймен мешітінде ашылмақ», деп жазады Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.
Бұл ретте кемтар жандар Луи Брайлдың тәсілі бойынша оқытылады. Зағип жандар сонымен бірге, ислам әдебін, заңдарын оқып-үйренетін болады.