Қазанда жылдық инфляция 9,2% болды
АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы қазанда айлық инфляция 0,5% болды. Бұл өткен айдағы көрсеткіштен 0,1 пайыздық тармаққа төмен.
Азық-түлік тауарларының ішінде жүзім (10%), басты пияз (9,8%), құмшекер (9%), түсті қырыққабат (9%), алма (6,2%), брокколи (4,6%), алмұрт (3,5%), жасымық (2,3%), бидай жармасы (2,1%) және қой еті (1,4%) арзандады. Сондай-ақ қантты печенье мен балдың бағасы 0,6%, тәтті тоқаштың бағасы 0,3%, күнбағыс майы мен шоколад пастасының бағасы 0,1% төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында қазан айында блендер (6,7%), модемдер мен роутерлер (4,2%), қысқа толқынды пеш (2,4%), жабыспайтын жабыны бар таба (0,5%), балалар сабыны (0,4%), тіс пастасы (0,3%) және қоқыс шелегі (0,1%) арзандады.
2026 жылғы қазанда жылдық инфляция 9,2% болды (2026 жылғы қыркүйекте 9,3%). Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 10,4%, ақылы қызметтер 10,3%, азық-түлік тауарлары 7,6% өсті.
Жылдық мәнде қияр (34,4%), банан (12,4%), лимон (11,1%), сарымсақ (10,2%), жүзім (1,9%), киви мен тәтті бұрыш (0,9%), басты пияз (0,4%) арзандады.
2025 жылғы қазанмен салыстырғанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында отандық құрастырылған жеңіл автомобильдердің бағасы 17,3%, электр бұрғылар мен бұрауыштардың бағасы 10,5%, электр еттартқыштардың бағасы 3,9%, модемдер мен роутерлердің бағасы 2,1%, балғалардың бағасы 0,1% төмендеді.
Айта кетелік келер жылы инфляция қаншалықты төмендеуі мүмкін екенін жазған едік.