08:40, 09 Тамыз 2015 | GMT +5
Қазандағы ӘЧ жеңімпазы, америкалық жүзуші алтын медалін жанкүйер балаға сыйлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ құрамасының сапында Қазандағы су түрлерінен ӘЧ-да алтын еншілеген Райан Лохте өз медалін жанкүйер балаға сыйлады.
Бұл туралы ол Twitter-ге жазды, деп хабарлайды Lenta.ru.
«Әлемдік рекорд орнатып алған өз медалімді осы бір айрықша жанкүйерге мені және АҚШ құрамасын қолдағаны үшін бердім», деп жазды спортшы және оны балаға тапсырып жатқан сәті түсірілген суретті қоса жариялады.
8 тамызда АҚШ құрамасы 4х1 эстафеталық жарыста жеңімпаз атанды.
Райан Лохте, Натан Эдриан, Симоне Мануэль және Мисси Франклин осы қашықтықты 3 минут 23,05 секундта жүзіп өтіп, бірінші орынды еншілеген еді. Екінші орынға Нидерланды құрамасы (+0,05 секунд) ие болса, Канады командасы (+0,54) қоланы олжалады.