Қазандағы мектепте болған атыстан 8 адам қаза тапты

ҚАЗАН. Татар- Информ-ҚазАқпарат – Қазан қаласындағы мектепте болған атыс кезінде 8 адам қаза тапты, тағы 21 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚазАқпарат Татар информ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазандағы мектепте болған атыстан 8 адам қаза тапты

«8 адам қаза тапқан, олардың арасында балалар мен мұғалімдер бар. Сонымен бірге тағы 21 адам зардап шеккен», - делінген агенттік хабарламасында.

Бұл ретте республикалық апаттар медицинасы орталығынан атыстан кейін ауруханаларға 12 бала мен бір ересек адамның жеткізілгенін хабарлады.

Алдын ала белгілі болғандай, сейсенбі күні Қазандағы № 175 мектепте белгісіз екі адамның оқ жаудыра бастағанын хабарлады. Олардың бірі ұсталды. Қазіргі мәліметке қарағанда, бұл 17 жастағы жасөспірім. Екінші күдікті әлі ғимаратта жүр.