Қазандағы Универсиада: Қазақстандық боксшы ширек финалға шықты

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық Айдар Әмірзақов Қазанда өтіп жатқан 2013 жылғы Жазғы Универсиадада бокс турнирі аясындағы өзінің алғашқы айқасын жеңіспен аяқтады.
None
None

Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Әмірзақов мысырлық спортшы Эслам Мохамедтен басым түсті.

Ширек финалда қазақстандық боксшының қарсыласы украиналық Денис Беринчик болады. Жекпе-жек 8 шілде күні өтеді.

Қазақстанның өзге өкілі Бақытжан Қожабековтің (69 келі) алғашқы кездесуі сәтті болмады. Бастапқы турнирде ол Лондондағы Олимпиаданың қола жүлдегері ресейлік Андрей Замковқа 1:2 есебімен есе жіберді, деп жазады Baq. kz.

Соңғы жаңалықтар