Қазанның алғашқы күндерінде қай өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады
АСТАНА. KAZINFORM — 1-3 қазан күндері атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының көп бөлігінде жаңбыр жауады. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Сонымен қатар жел күшейеді.
Елдің батысында ауа температурасы түнде 1-6 градус аязға дейін, күндіз +3+8 градусқа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы +15+25 градустан +5+15 градусқа дейін төмендейді.
Қазақстанның солтүстігі, шығысы және орталығында ауа температурасы негізінен +13+23 градус шамасында болады.
Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +20+25 градусқа дейін көтеріледі. Таулы аймақтарда ауа температурасы +10+15 градус болады.
Осыған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Үкіметте алдағы ауа райы болжамын айтты.