«Қазатомөнеркәсіп-Демеу» компаниясы «Жыл ұйымы» аталымы бойынша лауреат атанды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жолы байқауға ел аймақтарынан 70 тапсырыс түскен. Сыйлықтан үміткерлердің арасынан сарапшылар кеңесі он аталымның әрқайсысы бойынша үш-үштен «мықтыларын» іріктеп алды. Өйткені «Жыл ұйымы» аталымының иегеріне ауқымды қайырымдылық жобалар мен акцияларды өткізген, қайырымдылық көмектің жаңадан тиімді формаларын енгізген және қоғамдық маңызы зор іс-шаралардың бас демеушісі болған ұйымдар мен компаниялар ғана лайық.
Соңғы бес жыл көлемінде аталмыш компания жалпы құны 14,2 миллиард теңгені құрайтын 55-тен астам жобаны жүзеге асырды. Атап айтқанда, ауылдық жерлерде балабақшалар, мектептер, спорт-сауықтыру және мәдени орталықтар, денсаулық сақтау мекемелері салынып, қайта жаңғыртылды. Сондай-ақ аулаларды көркейту мен көгалдандыру жұмыстары да атқарылды.
«Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС 2004 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны ретінде құрылған. Мамандандырылған әлеуметтік компания ұлттық атом компаниясының әлеуметтік нысандарды басқару мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырушы операторы болып табылады. Негізгі қаржы көзі - Қазатомөнеркәсіп пен оның шетелдік әріптестері қатысуымен құрылған жарғылық қор. «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыруды мақсат тұтады. Ал 2008 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі ұлттық «Парыз» байқауында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша лауреат атанған.