«Қазатомөнеркәсіп» Курчатов қаласында арнайы экономикалық аймақ құрмақ

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның алдында тұрған басты міндет - Курчатов қаласында құрылатын арнайы экономикалық аймақтың тұжырымдамасын жасау болып отыр.
None
None
Оны компания президенті Мұхтар Жәкішев кеше Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әдетте, ғаламдық дағдарыс кезінде кәсіпорындар жабылып, ал жаңадан іске қосылатын өндіріс өте аз болады. Сондықтан, бұл жобаны жүзеге асыру бүгінгі таңда қиын болып көрінуі мүмкін. Біз оны жақсы түсінеміз. Әйтсе де біз оны жүзеге асырамыз. Бұл біздің кәсібилігімізді сынайтын нақты жоба болғалы отыр. Қазір есептеулер жасалып, жапондықтар бірлесіп құрған жұмыс тобында нақты бағыттар айқындалуда. Онда ғылым, оқыту мен мамандар дайындау, өзімізге қажетті мамандардың нақты санын, іске қосатын өндіріс, шикізат базасын айқындау сияқты тағы басқа да көптеген мәселелер толық қамтылады», дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның президенті М.Жәкішев. Мұхтар Еркінұлының айтуынша, қазір олар белсенді түрде бұл жобаның тұжырымдамасын жасаумен айналысып жатыр. Арнайы экономикалық аймақта құрылатын жоғары технологиялық бұл өндірістер ел экономикасын шикізаттық бағыттан өңдеушілікке қарай ауысуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ кешенді жүйе құру арқылы ғылымның жоғары технологиялық жаңа салаларын дамытуға тың серпін беріледі деп жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар