«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасы отырысының нәтижесі бойынша құрам мен өкілеттік мерзімі айқындалып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы мен мүшелері сайланды.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен жалғыз акционерінің өкілі ретінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы болып сайланды.
Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кіргендер: жалғыз акционер өкілі, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі бас директор - Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиев; жалғыз акционер өкілі, «Тау-кен Самұрық» АҚ басқармасының төрағасы - Тұрмағамбетов Мәжит Әбдіхалықұлы; тәуелсіз директор - Арсланова Зарина Фуатқызы; «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы - Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі - бір жыл.