12:48, 28 Мамыр 2009 | GMT +5
"ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы басшылығының өзгеруі компаниямен жасалған келісімдерге зардабын тигізбейді ? Қ.Келімбетов
АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -«ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлтық атом компаниясы басшылығының өзгеруі компания жүргізіп отырған саясаттың өзгеретіндігін білдірмейді және компаниямен жасалған келісімдердің барлығы да алдын ала жоспарланған жүйе бойынша жүзеге асады
деді бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Баршаға мәлім, Бас прокуратураның компания басшылығын қызметінен босату жөніндегі мәлімдемелерінен кейін біз компанияға қатысты тиісті шешім қабылдадық. Осы оқиғалардан соң компаниямен бірлесіп жұмыс істеп жатқан және тиісті келісімдер жасаған шетелдік әріптестері бірлескен жоспарлардың болашағына алаңдаушылықтарын білдірген. Біз қазір осы мәселе бойынша тиісті хат дайындап жатырмыз. Оған сәйкес, компания тарапынан бұрын жасалған келісімдердің барлығы еш өзгеріссіз жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте мен ешқандай мәселе туындамайды деп нық сеніммен айта аламын», деді басқарма төрағасы.