17:05, 04 Наурыз 2010 | GMT +5
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевке қатысты заңсыз жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды деген мәлімет болған. Мен оны растаймын»,
деді бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтеріне қарағанда, М.Жәкішевке қатысты қылмыстық іс ақпан айының 3-інде қозғалған. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.