«Қазатомөнеркәсіп» жарты жылда қанша табыс тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазатомөнеркәсіп» ҰК» АҚ биыл жарты жылдағы табысы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Компанияның 2023 жылдың бірінші жарты жылындағы кірісі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға ұлғайып, шамамен 619 млрд теңгені құрады. Кірістің өсуіне әсер еткен факторлар уран оксидінің споттық бағасының өсуі, тұтынушылардан сұраныстардың түсу мерзімдеріне және жеткізу кестелеріндегі тиісті айырмашылықтарға байланысты сату көлемінің ұлғаюы. Сонымен қатар уран өнімдері мен сирек металдардан алынатын өнімдерден түсетін кірістердің өсуі жатады. 2023 жылдың бірінші жарты жылында компанияның таза пайдасы 222 млрд теңгеден асты. Көрсеткіш өткен жылғы 6 аймен салыстырғанда 33%-ға артық. Табыстың артуы биылғы бірінші жартыжылдықтағы операциялық пайданың өсіміне байланысты», - деді «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасы Ержан Мұқанов баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, уран өндірісі көлемі өткен жылғы деңгейде сақталып, 10 225 тоннаны құрады.

«Биыл жарты жылда уран сату көлемі тапсырыс беруші жоспарлаған жеткізу мерзімін өзгерту есебінен өткен жылға қарағанда 6%-ға жоғары. Айта кету керек, сату көлемі клиенттердің сұранысына және жеткізілім мерзіміне байланысты өзгеріп отырады», - дейді компания басшысы.


Соңғы жаңалықтар