ҚазАТУ-да еліміз жоғары оқу орындарының тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорларының қатысуымен семинар-кеңес өтті

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Еліміздің жоғары оқу орындарында жастарды тәрбиелеу саясаты ҚР Президентінің Әкімшілігі айқындап берген бес басымдықты бағыт бойынша жүзеге асырылып отыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Тәрбие тұжырымдамасы: үйлестіру, жүзеге асыру және даму болашағы» тақырыбында өткен республикалық семинар-кеңесте оқу орнының ректоры Айтбай Бұлашев айтты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А.Бұлашевтың атап көрсеткеніндей, 2008 жылдың қыркүйегінде ҚР Президенті Әкімшілігі еліміздің жоғары оқу орындары ректорларымен кеңес өткізіп, онда еліміздің жоғары мектептеріндегі жастар тәрбиесі саясатын күшейтуге бағытталған бес басымдықты бағытты айқындап берді. «Бүгінгі күні еліміздің жоғары оқу орындары өздерінің тәрбиелік бағдарламаларын осы басымдықтар негізінде дайындап, оларды жүзеге асыру жұмысына кірісіп те кетті», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, бес басымдықты бағытқа - жастар арасындағы ұлтаралық келісімді нығайту, дәстүрлі емес діни ағымдар мен бүлдіруші идеологияларға иммунитетті қалыптастыру, студенттердің жағымды құндылықтарының жүйесін қалыптастыру, құқықтық тәртіп бұзушылықтың алдын алу проблемаларына жете мән беру және қоғамдық-саяси сауаттылықты арттыру жатады.

Сондай-ақ ол, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ елордадағы алғашқы жоғары оқу орны екендігін және ол өзінің 50 жылдан астам тарихында 50 мыңнан астам түлекке өмірге жолдама бергендігін атап өтті. «Біздің университетке профессорлық-оқытушылық құрамның тұрақтылығы, ұрпақтар сабақтастығы мен білім сапасына деген жауапкершіліктер тән. Ең бастысы, тұлғаның жан-жақты қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасап отырған тәрбиелік үрдістерімізді ерекше атап өткен жөн», - деді ректор.

Республика жоғары оқу орындарының тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорлары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің және орта арнаулы оқу орындары өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңес барысында, сондай-ақ  елордалық ҚазАТУ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Александр Майердің университет студенттері арасында өткізілген «Оқытушы студенттер көзімен» және «Тамақтануың қалай, студент?» сауалнамаларының нәтижелеріне арналған баяндамасы тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар