ҚазАТУ-да жас ақын-жазушылардың «Отан деп соғар жүрегім» атты жинағының тұсауы кесілді

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай «Жас түлек» шығармашыл жастар клубы мүшелерінің «Отан деп соғар жүрегім» атты жинағының тұсаукесері өтті.

ҚазАТУ-да жас ақын-жазушылардың «Отан деп соғар жүрегім» атты жинағының тұсауы кесілді

Шараға оқу орнының ректоры Ақылбек Күрішбаев пен ҚР Жазушылар одағының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин қатысты.

«Қазақ халқында өнер алды сөз болғандықтан, сендер агротехникалық мамандыққа оқып жатқандарыңа қарамастан, қолдарыңа қалам алып, жүрек үндеріңді қағаз бетіне түсіріп жүрсіңдер. Осы жолда тек жетістікке жете беріңдер», - деді Н. Оразалин өз өлеңдерін нақышына келтіріп оқып берген жас ақындарға батасын беріп.

Жинаққа жалпы саны 35 жас ақын-жазушының қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары енгізілген. Сондай-ақ, ректордың атап өтуінше, кітаптың электронды нұсқасы да әзірленіп, ол интернет оқырмандарына жол тартпақ.