ҚазАТУ ғылыми-зерттеу университеті мәртебесін алуды көздеп отыр

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Астанадағы Қазақ агротехникалық университеті ғылыми-зерттеу университеті мәртебесін алуды жоспарлауда.
None
None

Бұл туралы кеше университет ректоры Ақылбек Күрішбаев  мәлім етті.

«Бұл ғылыми қызметтің күшейетіндігін, университет жанынан ірі ғылыми-зерттеу институттарының құрылатындығын білдіреді. Осыдан кейін ЖОО-да мамандарды даярлау ісінің сапасы артып, оқытушылардың жалақысы жоғарылайды», дейді ректор.

Соған орай университеттің 2015 жылға дейін даму бағдарламасы да жасақталған.

«Қабылданған жүйелі шаралардың арқасында университеттің ғылымға бөлген қаржысы өткен жылмен салыстырғанда 87 млн. теңгеден 200 млн.-ға дейін, яғни 2-3 есеге артып отыр. Жыл соңына дейін бұл сома одан әрі жоғарылайды деп ойлаймын», - деді А. Күрішбаев.

Соңғы жаңалықтар