ҚазАТУ ректоры ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаражаттың жетіспейтіндігін мәлім етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агро-Техникалық университеттің ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы бес жылда ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаражат көлемі артқаны мәлім. Бүгінде біздің оқытушылардың 40 пайызы ғылыммен айналысуда. Бұл біздің оқытушылардың ашық байқауда жеңіп алған ҚР БҒМ гранттары екенін атап өткім келеді. Бірақ, өкінішке орай, 212 қолданбалы зерттеу бағдарламаларының, яғни 4,2 млрд теңгенің тек 55 миллион теңгесін, 1 пайызын ғана Ұлттық аграрлық ғылыми-ағарту орталығы бөлді», - деді ЖОО ректоры Ақылбек Күрішбаев.
Оның сөзінше, университеттің ғылыми мақалалары халықаралық басылымдарда жариялануда.
«Оқыту бағдарламаларының 58 пайызы үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады. Жыл сайын Еуропа мен АҚШ-тың 20-дан астам профессорлары біздің студенттерге дәріс оқиды. Оқытушылардың 43 пайызы «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келгендер. 18 пайызы - Калифорния университетінде тәжірибе жетілдірді. Олардың 12 пайызы қазір ағылшын тілін жетік меңгерген», - деді ректор.