ҚазАТУ жатақханаларына сандық телевизия мен сандық телефон желілері жүргізілмек

АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық жатақханалары интернетке және сандық телевизия желісіне қосылады.

ҚазАТУ жатақханаларына сандық телевизия мен сандық телефон желілері жүргізілмек

Бұл туралы бүгін «Жоғарғы білім жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибелері мен болашағы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясында Астанадағы ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

 Ректордың айтуынша, университет аумағында студенттерге арналған 4 жатақхана бар. Сонымен қатар 9 қабатты жаңа жатақхана салынуда.

 «Студенттерге қазіргі заманғы ақпараттық қызметтерді кеңейту мақсатында Қазақтелекоммен бірлескен жоба дайындалды. Осы жобаға сәйкес төрт студенттік жатақхананың әр бөлмесі интернет желісіне қосылады. Сондай-ақ интерактивтік сандық теледидар мен телефон қызметтері қолжетімді болады. Кеңжолақты интернетті пайдаланудың жалпы жылдамдығы  16-дан 50-ге Мбит/с дейін жоғарылайды. Университет осы жобаны іске асыру үшін 45 млн. теңгеден астам қаражат жұмсайды. Бұл жоба жаңа оқу жылына дейін жүзеге асады», - деп атап көрсетті А. Күрішбаев.

 Қазіргі уақытта мұнда 9 мыңнан астам студент пен магистр білім алуда. 66 ғылым докторы, 272 ғылым кандидаты