«Қазавиақұтқару»: әрбір әуе операциясының артында жедел басқару орталығының еңбегі тұр

АСТАНА. KAZINFORM- Төтенше жағдайлар министрлігі авиациясының әрбір ұшуының артында әуе кемесі экипажының еңбегі мен «Қазавиақұтқару» АҚ бүкіл ұжымының үйлесімді жұмысы тұр.

Алма Мұхамедиева
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуе кемесін ұшуға дайындаудан бастап, тапсырманы орындау мен қонуға дейінгі әр кезеңге ондаған маман жұмылдырылады. Олардың әрқайсысы өзіне жүктелген маңызды міндетті атқарады.

Алма Мұхамедиева
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл жүйедегі негізгі буындардың бірі – Жедел басқару орталығы. Оның мамандары тәулік бойы авиациялық операцияларды үйлестіріп, қажетті ақпараттың уақтылы берілуін және мүдделі қызметтермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Алма Мұхамедиева
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Осындай жауапты жұмысты «Қазавиақұтқару» АҚ Жедел басқару орталығының жедел кезекшісі Алма Мұхамедиева атқарады. Ол үшін жұмыстың басты нәтижесі – қойылған міндетті сәтті орындау және адамдарды құтқару. Алманың айтуынша, дәл осындай сәттер өз мамандығының маңызын терең сезінуге мүмкіндік береді.

Алма Мұхамедиева
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

-Ұшқыштарымыз әрдайым аман-есен болып, әуе кемелеріміздің ұшуы мен қонуы сәтті өтсін. Аспанымыз ашық, елімізде бейбітшілік пен тыныштық орнап, халқымыз аман болсын! – дейді Алма.

Кезекшілік кезінде әуе кемелерінің ұшуы мен қонуы бақыланып, тиісті ақпарат мүдделі құзырлы органдарға уақтылы жеткізіледі. Сонымен қатар келесі күнге арналған ұшу жоспарлары әзірленіп, туындаған ұйымдастырушылық мәселелер жедел шешіледі.

Алма Мұхамедиева
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдай туындаған кезде жедел кезекшілердің жұмысы одан әрі қарқындай түседі. Қажетті адам күші мен техника жұмылдырылып, барлық мүдделі қызметтердің өзара іс-қимылы қамтамасыз етіледі. Мұндай сәттерде ақпаратты жедел алу, дұрыс шешім қабылдау және тапсырмаларды уақытылы жеткізу ерекше маңызға ие.

Алма Мұхамедиева
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

-Бұл жұмыс жоғары жауапкершілікті, сабырлылықты, төзімділікті және кез келген жағдайда жедел шешім қабылдай білуді талап етеді. Жедел кезекшілер санитариялық авиация рейстерін, іздестіру-құтқару жұмыстарын, эвакуацияны, өрт сөндіруді, төтенше жағдайлардың салдарын жоюды және басқа да арнайы міндеттерді ұйымдастыруға қатысады,-делінген хабарламада.

Осыған дейін ТЖМ Алматы облысындағы тау көлдерін бақылау бекеттерін ашқаны туралы жаздық.