«ҚазАвтоЖол». Еліміздің үш облысында жол ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық компания баспасөз қызметі мәлім еткендей, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында көлік қозғалысы ашылды.

«Қызылорда-Жезқазған» жолы Сыр өңірі мен Сарыарқаны жалғайды
Фото: Нұрболат Нұржаубай

— 2024жылғы 10 қарашада сағат 07:00–де Ақмола облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көлік қозғалысы ашық, — делінген хабарламада.

2024 жылғы 10 қарашада сағат 07:00–де Павлодар облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылды.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 10 қарашада сағат 08:00–де Ақмола облысында «Астана-Петропавлск» автожолының 18-232 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көлік қозғалысы ашылды.

Бұдан бөлек, 2024 жылғы 10 қарашада сағат 08:00–де Қостанай облысында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-232 шақырым аралығында (Тобыл қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысы шекарасынан Сұрған ауылына дейін) көлік қозғалысы ашылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасындатып, көктайғақ болады.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» басшысы көктайғақта себетін инертті материал былтырғыдан 3 есе көп дайындалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар