ҚазАвтоЖол KazToll атынан таралған жалған хабарламалар туралы ескертті
АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол жүргізушілерге KazToll атынан келетін жалған SMS-хабарламалар туралы ескертті.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» автомобиль жолдарын пайдаланушыларға KazToll қызметінің атынан алаяқтық хабарламалар таратылып жатқаны туралы ескертті.
— Соңғы уақытта жүргізушілерге ақылы жолдармен жүргені үшін берешекті өтеу қажет деген мазмұндағы SMS-хабарламалар келе бастаған. Мұндай хабарламаларда күмәнді сілтемелер, соның ішінде KazToll-дың ресми ресурсына ұқсас жалған сайттар көрсетіледі.
Ақы алу жүйесінің ресми сайты — kaztoll.kz және осыған ұқсас өзге де интернет-ресурстар KazToll қызметіне және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына еш қатысы жоқ, — делінген хабарламада.
Мұндай сілтемелерге өту жеке деректердің, банк картасы туралы ақпараттың және қаражаттың ұрлануына әкелуі мүмкін.
Жүргізушілерден цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз:
— күмәнді SMS-хабарламалар мен мессенджерлердегі сілтемелерге өтпеңіз;
— белгісіз сайттарға банк картасының деректерін, ЖСН, құпиясөздерді және SMS-кодтарды енгізбеңіз;
— төлем жасамас бұрын сайт мекенжайын міндетті түрде тексеріңіз;
— жол жүру ақысын тек ресми kaztoll.kz сайты арқылы төлеңіз;
— күмәнді хабарлама алған жағдайда оған жауап бермеңіз және жеке деректеріңізді жібермеңіз;
— қажет болған жағдайда ақпаратты тек «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ресми дереккөздері және 1403 байланыс орталығы арқылы нақтылаңыз.
— «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы азаматтарды мұқият болуға және белгісіз жіберушілерден келген хабарламаларға сенбеуге шақырады. Ақылы жолдарға қатысты барлық ресми хабарламалар мен ақпарат тек компанияның ресми ресурстарында жарияланады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік «ҚазАвтоЖол» цементбетон плиталарындағы деформация қаупі бар 31 учаскені анықтаған еді.