Қостанай облысындағы су алып кеткен жолдың жағдайы қалай

АСТАНА. KAZINFORM - «ҚазАвтоЖол» Қостанай облысындағы су алып кеткен жолдың жағдайына қатысты шұғыл ақпарат таратты.

жол
Фото: ҚазАвтоЖол

Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 2024 жылғы 3 сәуірде сағат 14:30 шамасында күннің күрт жылынуы мен еріген қар суының салдарынан А-22 «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» тас жолының 254 шақырымындағы (ұзындығы 150-180 метр, су биіктігі - 10-15 см) жүру бөлігін су басып қалды.

Аталмыш учаскеде диаметрі 1-1,5 м болатын үш тесікті және диаметрі 1*1,5 м болатын бір тесікті екі су өткізгіш құрылғы бар. Екі құбыр да толыққанды жұмыс істеп тұр.

«КАЖсервис» ЖШС қостанайлық филиал мамандары тәулік бойы кезекшілікті бекітіп, оқиға орнына қажетті жол белгілерін, сигналды тіректерді және ілгіштерді орнатты. 4 арнайы техника мен 9 маман жұмылдырылды. Көлік құралдары үшін қозғалыс қамтамасыз етілген», - делінген хабарламада.