«Қазавтожол»: Республикалық маңызы бар жолдардың барлығы ашық
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Осы уақытта Қазақстанның республикалық маңызы бар барлық жолдары ашық. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Боранға байланысты Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы бірқатар жолдардың учаскелерінде көлік қозғалысы шектелген болатын. Атап айтқанда, қазіргі кезде "Өскемен-Шемонайха-РФ шекарасы" жолының 36-123 шақырымындағы «Предгорное -РФ шекарасы» аралығы; "Алматы-Өскемен" жолының 977-1075 шақырымындағы «Қалбатау ауылы-Қ.Қайсенов ауылы» аралығы; "Өскемен-Семей" жолының 9-198 шақырымындағы «Герасимовка ауылы-Семей қаласы» аралығы; "Семей-Новоалтайский-РФ шекарасы" жолының 2-113 шақырымы аралығы және "Семей-Қайнар" автожолының 8-284 шақырымы аралығында көлік қозғалысы қайта жанданды.
Бұдан бөлек, Павлодар облысы аумағындағы "Ульяновск-Баянауыл-Қалқаман" жолының 93-324 шақырымындағы «Қарағанды облысының шекарасы-Қалқаман қаласы» аралығында да жол ашылды.
Аталған жолдарда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы қар тазалау техникалары кезекшілікке шықты.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.