ҚазАвтоЖол су басқан жолдарды атады

АСТАНА. KAZINFORM – Республикалық маңызы бар 13 жолда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми өкілі Сәкен Ділдахмет айтты.

видеодан кадр/ҚазАвтоЖол
Фото: видеодан кадр/ҚазАвтоЖол

«2024 жылғы 12 сәуірдегі сағат 09:30 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста - Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО-да 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8 485 метр болатын су тасқыны орын алды», - деді Сәкен Ділдахмет Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте. 

Оның дерегінше, 6 облыста - Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО-да республикалық маңызы бар ұзындығы 618 шақырым 13 автомобиль жолдарында көліктің барлық түрінің қозғалысына келесі жолдарда шектеу қойылды:

Ақмола облысы:

- «Көкшетау-Атбасар» тас жолының 120-184 шақырымы;

- «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 856-917 шақырымы.

Ақтөбе облысы:

- «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» тас жолының 3-92 шақырымы.

3. Атырау облысы:

- «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау» тас жолының 4-119 шақырымы;

- «Мұқыр - Құлсары» тас жолының 0-136 шақырымы.

4. Қостанай облысы:

- «Мариновка ауылына кіреберіс» тас жолының 0-9 шақырымы;

- «Денисовка Тавриченка - Аршалы - Комаровка» тас жолының 42-96 шақырымы,

- «Қостанай - Жақсы - Қарабұтақ - Қостанай» тас жолының 4-5 шақырымы.

5. Маңғыстау облысы:

- «Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау» тас жолының 210-220 шақырымы.

6. Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Рощинское - Корнеевка - Волошинка» тас жолының 0-47 шақырымы;

- «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 869-875 шақырымы;

- «Екатеринбург-Алматы» тас жолының 835-856 шақырымы;

- «Челябинск-Новосибирск» тас жолының 525-530 шақырымы.