ҚазАвтоЖол төрт облыста көліктердің жазғы дөңгелекпен жүруіне шектеу қойды

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол 21 қазан күнгі сағат 01:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстары аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізді.

ҚазАвтоЖол төрт облыста көліктердің жазғы дөңгелекпен жүруіне шектеу қойды
Фото: Kazinform

Павлодар облысы

- Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар барлық бағыттағы автожолдарда жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ақмола облысы:

- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 159–200 шақырым аралығы (Ерейментау қаласы – Павлодар облысының шекарасы);

Қарағанды облысы:

- «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті» автожолының 1066–1135 шақырым аралығы (Молодежный кенті – Павлодар облысының шекарасы);

- «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Ботақара» автожолының 231–324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы – Ботақара кенті);

Абай облысы

- Республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан қаласы айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Урлютюбе ө/п)» автожолының 587–733 шақырым аралығында (Павлодар облысының шекарасы – Семей қаласы).

Жолды 2026 жылы 21 қазан күні сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін ауа райына байланысты екі облыста жол жабылғанын жаздық.