«ҚазАвтоЖол» ҰК директорлар кеңесі қайта сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-да Директорлар кеңесі қайта сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «ҚазАвтоЖол» ҰК директорлар кеңесі қайта сайланды

Сонымен, кеңес құрамына ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Қалымжан Ибраимов, сондай-ақ тәуелсіз директорлар Мағзам Қасымов, Қажымұрат Нағманов, Тимур Сәкенов бекітілді.

Атап айтқанда, «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 56- бабының негізінде Директорлар кеңесі мүшелерінің шешімімен Жеңіс Қасымбек аталған кеңестің төрағасы болып сайланды.