ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады
«Казгидромет» ақпаратына сәйкес, 7 ақпаннан бастап 9 ақпанға дейін еліміздің бірқатар облыстарында ауа райы бұзылады.

Осыған байланысты ҚазАвтоЖол жүргізушілерге ескерту жасады.
«Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!
Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Абай, Солтүтсік Қазақстан, Түркістан, Қарағанды мен Ұлытау облыстарында 30 м/сек. дейін желдің күшеюі, қар аралас жаңбыр салдарынан көктайғақ күтілуде. Таулы аймақтардағы қалың тұман үшін көру қашықтығы төмендейді», — делінген жазбада.
Қазіргі таңда жол қызметкерлері көктайғаққа қарсы материалдарды дайындап, күшейтілген тәртіптегі жұмысқа кірісіп кеткен.
«Дегенмен, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізу мүмкіндігі туралы ескертеміз.
Алыс сапарлардан бас тартып, аса қажеттілік болмаса елді мекен аумағынан шықпауларыңызды сұраймыз», — деп жазды жолшылар.