Қазба байлықты игеруге лицензия алушылар қосымша бонус төлеуге міндеттелмек

«Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық еткен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында пайдалы қатты қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануға лицензия берілгенге дейін аукцион қорытындылары бойынша қол қою бонусын төлеу жөніндегі міндеттеме көзделген.
Бұл аукцион өткізу және лицензиялар беру қағидаларында бекітілген кепілдік жарнамен және өзге де тәсілдермен реттеледі», - деп жазады ол.
Роман Склярдың айтуынша, аталған өзгертулер Президент Әкімшілігінің қарауына жолданған.
«Қазіргі таңда заң жобасына Үкімет дайындаған қорытындының жобасы Президент Әкімшілігінің қарауында жатыр. Осыдан кейін Парламент Мәжілісіне енгізіледі», - деп жазады вице-премьер.