KazBuild - 2010 көрмесінде «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жол дәлізі құрылысында жүзеге асырылатын келісім жасалды
Қазақстандық ULMA польша-испандық бренд өкілдері бүгінде жергілікті компаниямен тас шегендеу жүйелерін жеткізіп беру туралы келісім-шарт бекітіп үлгерді. Келісім бойынша, Ол құрылғылар ортаазиялық ең ірі көлік жобасы «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» жол дәлізі құрылысына пайдаланылатын болады. ULMA тас шеген мен ағаш өндірісінен әлемдегі жетекші компаниялардың бірінен саналады. Оның өнімдері әлемнің 55 еліне тасымалданады. Аталмыш келісімнің қол қою рәсіміне ULMA Construction Polska SA компаниясының президенті Анджей Козловски арнайы ұшып келді.
Кең көлемдегі көрме осы айдың 7-сінде басталған болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар арасында жүргізілген сауалнама бойынша, қазірге дейін көптеген компаниялар өзара келісімге отырып үлгерген.