«Қазцинк-Торпедоның» хоккейшісі лиганың үздік қорғаушысы атанды

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Жоғары хоккей лигасының арнайы комиссиясы соңғы айдың үздік хоккейшілерін анықтады.

«Қазцинк-Торпедоның» хоккейшісі лиганың үздік қорғаушысы атанды

Комиссия қыркүйек айында оқ бойы озық болған ойыншыларды сұрыптап алды. Олар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Лиганың үміті» атақтарына ие болды. Оның ішінде «Қазцинк-Торпедоның» ойыншысы Юрий Сергиенко да бар. Ол сегіз матчта төрт ұпай жинап, қарсыластардың қақпасына бір шайба салды.

Айта кетейік, бүгінде Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде бірінші орында тұр. Ол сегіз ойынның жетеуінде жеңіске жетіп, тек бір ойында ғана қарсыласына булиттен жол беріп қойды.