"ҚазЭкспоАстық холдингі" АҚ 40 миллиард теңгенің облигацияларын Қазақстан қор биржасына орналастырды
АЛМАТЫ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - "ҚазЭкспоАстық холдингі" АҚ 40 миллиард теңгенің облигацияларын 2016 жылы қайтару мерзімімен Қазақстан қор биржасына орналастырды.
Еуразия даму банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық қаржы институты бұл шараны ұйымдастырушылардың бірі болды. Облигацияларды орналастыру саудасы Қазақстан қор биржасында 13 сәуірде өткен. Онда "BCC Invest" АҚ-ы уәкілетті сатушы, Қазақстан халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ шығарымның тең-андерайтер болды. Бұл облигация Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде "Рейтингтік бағалаудағы қарыздық бағалы қағаздар" жіктеліміне енгізілген. Оған жылына 8,50 пайыз көлемінде жарты жылдық купон төленіп отырмақ.