«Қазэнерджи» қауымдастығының қызметі күшейеді

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Алдағы уақытта «Қазэнерджи» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының қызметі күшейеді. Бұл туралы бүгін қауымдастық кеңесінің отырысында ұйымның бас директоры Әсет Мағауов мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, бүгінде ҚР Мұнай және газ министрлігімен бірлесе отырып мемлекеттік сатып алулардың ортақ алаңын құру қарастырылып отыр. «Осы салада оңтайлы тәжірибе қалыптасқан. Жалпы, Үкімет басшысының орынбасары Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен кеңесте «Қазэнерджи» қауымдастығының үйлестіру қызметін күшейту қажеттігі туралы айтылған. Оны барлығы қолдады. Осыған орай ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрілігі мен ҚР Мұнай және газ министрлігінің арнайы бұйрығы шығып, тиісті құзіреттер қауымдастыққа беріледі деп сенеміз», - дейді Ә.Мағауов. Сондай-ақ ұйымның бас директоры атап көрсеткендей, алдағы уақытта энергетика саласындағы өнім жеткізушілердің ақпараттық порталын ашу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар