KAZENERGY форумы шеңберінде Тараздың тұрақты энергетикалық дамуы бойынша DACO жобасының донорларына арналған дөңгелек үстел өтеді

БРЮССЕЛЬ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы қазан айында Астанада өтетін KAZENERGY форумының шеңберінде Тараздың тұрақты энергетикалық дамуын ілгерілету бағытындағы DACO жобасының донорларына арналған дөңгелек үстел өтпек.
None
None

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Энергетикалық хартияның хатшылығынан хабарлады.

Энергетикалық хартияның аға сарапшысы Қанат Ботбаев атап өткендей, DACO жобасы арқылы «Мэрлердің келісімі» ауқымды еуропалық бастаманың аясында қалаларды энергетикалық тұрғыда тұрақты дамытуды ілгерілету діттеліп отыр. Аталмыш бастаманың шеңберінде қалалар энергетикалық дамуды ілгерілету, көмірқышқыл газдың бөлінуін азайту, энергияның қалпына келетін көздерін дамыту және энергия үнемділікті өркендету міндеттерін мойындарына алады.

Еурокомиссия қаржыландырған, Энергетикалық хартияның хатшылығы мен Кьети (ALESA) итальяндық провинциясы энергетикалық агенттігінің атсалысуымен жүзеге асырылып жатқан DACO жобасына Тараз (Қазақстан), Новогрудок (Беларусь), Сомониён (Тәжікстан), Сумгаит (Әзербайжан) қалалары қатысуда.

Қ. Ботбаевтың айтуынша, Энергетикалық хартияның хатшылығы жоба шеңберінде Тараздың «Мэрлер келісіміне» қол қоюына қолұшын созып, қаланың энергия үнемділігі бағдарламасын әзірлеуге техникалық көмек көрсетуге, Тараздағы әлеуметтік нысандардың бірінде қалпына келетін энергия көздерін дамыту ілкі жобасын жүзеге асыруға ниеттеніп отыр.

Соңғы жаңалықтар