«Kazenergy» қауымдастығы акция өткізуде, оның аясында ардагерлер дәрігерлік көмек алады

АСТАНА. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Бүгін Астана қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орайластырылған «Жеңіс ұрпақтары» акциясы аясында осы соғыстың ардагерлеріне және соған теңестірілгендерге дәрігерлік көмек көрсету және ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасының тұсаукесері өткізілді.

«Kazenergy» қауымдастығы акция өткізуде, оның аясында ардагерлер дәрігерлік көмек алады

Бұл шараны өткізуге «Kazenergy» қауымдастығы мұрындық болып отыр. Үстіміздегі жылдың наурыз айында алдына Ұлы Отан соғысы жайлы естелікті сақтап қалуды мақсат етіп қойған «Жеңіс ұрпақтары» жаңа қайырымдылық акциясын бастап та жіберген еді.

«Акция аясында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды, ал бүгін біз осы үлкен жобаны аяқтап, ардагерлер сырқаттанып қалған жағдайда дәрігерлік көмек бере алу үшін оларды медициналық сақтандырудың бағдарламасын ашып отырмыз. Бұл бірегей бағдарлама, өйткені бұрын-соңды мұндай акцияны ешбір компания ұйымдастырмаған», - дейді «Kazenergy» атқарушы директоры Әлиакпар Мәкішев.