KazEOSat-1 спутнигінің ғарыштағы алғашқы суреттері

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы 30 сәуірде Куру ғарыш айлағынан ұшырылған жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) қазақстандық спутнигі 3 мамырда ғарышта түсірген алғашқы суреттерін жолдады.

KazEOSat-1 спутнигінің ғарыштағы алғашқы суреттері

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев хабарлағандай, KazEOSat-1 спутнигі қалыпты режимде жұмыс істеуде. Үшінші тәулікте ғарыш аппараты Қазақстанның ғарыштағы алғашқы суреттерін жолдады.

«Суреттердің сапасы жоғары, Астананың да суреті түсірілген», - деді Т. Мұсабаев.

Қазақстанның Ұлттық ғарыш орталығында жасалып жатқан жаңа ҰБО қазақстандық спутник түсірген ғарыштағы суреттерді қабылдау мен өңдеуге қатысты. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ инженерлері орбитадағы KazOESat-1 тәулік бойы бақылауда.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің міндетін атқарушы Марат Нұрғожин хабарлағандай, спутник орбитада 4 ай бойы сыналмақ. Кейін ол тапсырушының - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқаруына беріледі.

«KazEOSat-1» ЖҚЗ дәлдігі жоғары алғашқы қазақстандық спутнигін (Kazakhstan Earth Observation Satellite - қазақстандық жерді бақылау спутнигі) «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ тапсыруымен Airbus Defence and Space (бұрынғы атауы EADS Astrium) француз компаниясы дайындаған.

KazEOSat-1 болашақтағы табиғи апаттарды болжау, жер кадастрын ұйымдастыру, елдің қауіпсіздігін сақтау мақсатында Жерді қашықтықтан зондтаудың барлық қызметін, Қазақстан Республикасы аумағының суреттерін алуға, мониторинг жасау үшін жердің өзге территориясының суреттерін алуға арналған спутник.