«KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» қазақстандық жер серіктерінің орбиталық сынақтары штатты режимде өтіп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жерді қашықтықтан зондтайтын екі қазақстандық жер серігі қазақстандық ағымдағы жылдың 30 сәуірі мен 20 маусымы күндері ұшырылған орбитада жоспарлы тестілеу сынақтарынан өтіп жатыр.
Жерді қашықтықтан зондтайтын жоғары кеңістіктегі бірінші «KazEOSat-1» жер серігі орбитада шамамен екі ай жұмыс істеуде. Ғарыш аппараты Францияның Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан 30 сәуір күні «Вега» еуропалық зымыран-тасығышымен ұшырылды. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ президентінің қызметін атқарушы Марат Нұрғожин буіздің агенттікке хабарлағандай, «ҚҒС» ҰК» АҚ мамандары Астанада француз әріптестерімен бірге Тулуздағы басқарма орталығында тәулік бойы жер серігін бақылап, оның соңғы мүмкіндіктерін анықтау мақсатында максималды деңгейде жүк салуда. «Осы уақытта жер серігінің жұмысында ешқандай жаңылу болған жоқ», - деп атап өтті ол. Еске сала кетейік, «KazEOSat-1» ұшырылғаннан кейін ғарыштан сапасы жақсы суреттер жіберді. 2014 жылдың 20 маусымы Ресейдің «Ясный» ғарыш айлағынан «Днепр» зымыран-тасығышымен ұшырылған Жерді қашықтықтан зондтайтын екінші «KazEOSat-2» жер серігі де орбитада жоспарлы сынақтан өтуде. Осыған дейін хабарланғандай, алғашқы телеметрикалық мәліметтерді ғарыш аппараты 1,5 сағаттан кейін берді. ««KazEOSat-2»-ден бірінші ғарыштық түсірілімдерді біз ағымдағы жылдың шілде айының соңында аламыз», - деп атап өтті М.Нұрғожин.