ҚазЭУ білім беру үрдісіне ECTS жүйесін енгізеді

Жыл сайын дәстүрлі турде бір тақырыпта өткізілетін бұл конференция ашық пікірлер, дәрістер, семинарлар мен басқосулар, талқылаулар алаңы ретінде қалыптасқан.
Баспасөз мәслихатында университет ректоры Әли Әбішев бүгінде қазақстандық дипломның халықаралық деңгейдегі маңызын арттыру қажеттілігін айтты. «Біз көп жылдар бойы несиелік жүйені енгізумен айналыстық. Енді Еуропалық жүйеге ауысып, қазақстандық ЖОО-ның білім беру үрдісіне Есептеу және несиелі жинақтаудың Еуропалық жүйесін (ECTS) енгізу қажеттілігі туып отыр», деді Ә. Әбішев.
Сонымен бірге, ректор бүгінде академиялық ұтқырлық мәселесінің басты назарда тұрғанын атап өтті. «ҚР-дағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, қазақстандық студенттердің 20%-ының академиялық ұтқырлық деңгейін жетілдіру жәйі айтылған. Жаңа жүйеде біз осы мәселені қолға алмақпыз», - деді ректор.
Қазақ-неміс университетінің проректоры Ольга Московченконың айтуынша, жаңа жүйе арқылы біз еуропалық стандарттарға сай мамандарды өзімізде дайындайтын боламыз. «Бүгінге дейін біздің студенттер «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде оқып келді. Енді ECTS жүйесі арқылы мамандар Қазақстанда дайындалатын болады», деді О. Московченко. Сонымен қатар, О. Московченко енді шетелдік студенттердің біздің елде білім алуға жағдай туатындығын мәлім етті.