ҚазЭУ биыл мектеп бітіретін түлектер үшін ашық есік күнін жариялады
АЛМАТЫ. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті биыл мектеп бітіруші түлектер үшін ашық есік күнін жариялап, оларды университеттегі білім барысымен таныстырды.
Ашық есік күні - оқушылардың жоғары оқу орнымен танысуына және алдағы уақытта қандай мамандықты таңдап, пайдалы мағлұмат алуы үшін мүмкіндік береді. Сонымен қатар осы шара аясында оқушылар ҚазЭУ-нің студенттік өмірінен хабардар болып, университеттің мүмкіндіктері жайында толыққанды ақпарат ала алады.
Аталған шара барысында абитуриенттер арасында 1 жыл жеңілдікпен білім алатын сертификат үшін ұтыс ойындары ойнатылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.