ҚазЭУ-де «Қыз-Жібек» лирикалық поэмасының театрландырылған қойылымы өтті

АЛМАТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің бірінші курс студенттері «Қыз-Жібек» лирикалық поэмасының театрландырылған қойылымын сахналады.
None
None

Шараға танымал актерлер, Мемлекеттік байқаулардың лауреаттары және «Қыз-Жібек» көркем филімінде Жібек пен Төлеген ролін ойнаған Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков шақырылған. Өткен жылы аталған фильмнің шыққанына 40 жыл толған еді. Ол алғаш рет 1970 жылы Алматыдағы «Целинный» кинотеатрында көрсетілген.

Шара барысында сонымен қатар студенттердің орындауындағы халық күйлері, әуенді әндер мен билер тамашаланды.

Соңғы жаңалықтар