19:39, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазғарыш делегациясы 61-інші халықаралық астронавтика конгресіне қатысады
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Төраға Талғат Мұсабаев бастаған ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің делегациясы Прагада өтетін 61-інші халықаралық астронавтика конгресіне қатысады.
Халықаралық астронавтика федерациясы, Халықаралық астронавтика акадеимясы мен Халықаралық ғарыш заңгерлігі институтының ұйымдастыруымен Чехияда өткізіліп отырған жыл сайынғы конгресс «Ғарыш адам мен ғылым үшін» ұранымен өтеді.
Форумды ұйымдастырушылар хабарлағандай, астронавтикалық конгреске қатысу үшін Чехияға әлемнің түкпір-түкпірінен 2 500 делегат келеді.
Қазақстан атынан осы форумға Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев, Қазғарыш төрағасының орынбасары Мейірбек Молдабаев пен «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар Ұлттық орталығы» АҚ-ның президенті Жұмабек Жантаев қатысады.