Қазғарыш Қазақстан Президентінің Жолдауын қолдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда жүрген Қазғарыш кәсіпорнының қызметкерлері Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылады.

Қазғарыш Қазақстан Президентінің Жолдауын қолдайды

«Елбасының дана саясатының арқасында бейбітшілік орнаған, тұрақты әрі дамып келе жатқан елде тұрып жатқанымызды бағалауымыз қажет. Президенттің туындап жатқан мәселелерді ашық айтқанына разымыз», - деді жиында сөз сөйлегендер.

«Бұрынғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстанда толыққанды ғарыш саласын құрудың маңызын атап өтті. Биыл еліміз ғарыш аппарттарына ие мемлекеттердің қатарына енді. Бұл - «Қазсат» ғарыш байланысы мен хабар тарату жүйесі, «ҚазЕОСат» Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі. Қазғарыш жобалары енгізілген ҮИИД бағдарламасының екінші бес жылдық кезеңін жүзеге асыруға қатысамыз. Сондықтан біз Президент Жолдауын іс жүзінде қолдаймыз», - деп атап өтті ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Ерғазы Нұрғалиев.

Жиыннан кейін Қазғарыш кәсіпорнының қызметкерлері Қазақстан ғарыш инфрақұрылымының жаңа нысанының - «Көктерек» жердегі резервті басқару кешенінің жұмысымен танысты.