Қазғарыш Конституция күнін атап өтуде

АСТАНА. Тамыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ - Кеше ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінде Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.
None
None

Қазғарыш басшылары өздерінің құттықтау сөздерінде егемен Қазақстанның қалыптасуындағы Негізгі заңның алар орнын атап өтті, мереке қарсаңында ғарыш саласының таңдаулы қызметкерлері агенттіктің құрмет грамоталарымен марапатталды, жаңа қызметкерлер мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.

Бұл үлкен мереке Қазғарышқа қарасты ведомстволарда, барлық еңбек ұжымдарында аталып өтуде, деді ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Ерғазы Нұрғалиев.

«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясында Конституция күні құрметіне Мемлекет тарихы институтының қызметкерлерімен кездесу өтті. Бұл шараның барысында ғарышкер Талғат Мұсабаев туралы жазылған «Теңдік белгісі» кітабы патриотизмнің ғарыштық сабағы ретінде ұсынылды.

Алматыда Ғарыштық зерттеулер және тенхнологиялар ғылыми орталығында бірқатар мерекелік шаралар: тақырыптық «дөңгелек үстелдер», балаллар суреттерінің көрмесі, футболдан турнир өтті.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынағы республикалық «Инфракос» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері Конституция күнін үлкен мерекелік концертпен атап өтті.

Соңғы жаңалықтар