«Қазғарыштың» логотипін әзірлеу бойынша байқау жарияланды

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің («Қазғарыштың») логотипін әзірлеу бойынша байқау жарияланып отыр.
None
None

Аталған байқау аясындағы жұмыстар биылғы 20 наурызға дейін қабылданады.

Сараптамалық комиссияның құрамына құрылымдық бөлімдердің және «Қазғарыш» басшылығының өкілдері енді. Комиссияның қорытынды отырысы 29 наурыз күні өтіп, жеңімпаз анықталатын болады. Байқаудың нәтижесі «Қазғарыштың» сайтында 2 сәуірде жарияланбақ.

Логотипке қойылып отырған техникалық талаптарға тоқталатын болсақ, бұл белгі қазіргі заманғы нышанда ықшам, бірқилы, есте тез сақталатын, сондай-ақ «Қазғарыштың» жалпы тұжырымдамасына сай болуы тиіс. Жеңімпазға аталған агенттік тарапынан бағалы сыйлық табысталмақ.

Соңғы жаңалықтар