«Қазгеология» алдағы екі жылда 100 миллион доллар инвестиция тартуды көздеп отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгеология» АҚ алдағы екі жылда 100 миллион доллар инвестиция тартуды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта «Қазгеология» екі жылда 50 миллион доллар инвестиция тартқан. Меніңше, алдағы екі жылда бұл көрсеткішті 100 миллион долларға дейін ұлғайта аламыз», - деп атап өтті ол Геологтар күніне орай өткізілген салтанатты жиында.

Оның мәлім етуінше, компания қазір Қазақстанда 10 нысан бойынша барлау жұмыстарын жүргізуде.

«Бүгін біз 10 нысан бойынша барлау жұмыстарын атқарудамыз. Олардың ішінде бірнеше нысаны минерализация бойынша жақсы нәтижелер беруде. Бұл негізінен Қарағанды облысындағы нысандар. Балқаш көлі, Жезқазған, Сәтпаев қалалары маңында, ШҚО-да - Риддер, Арқалық жанында барлау жүргізіп жатырмыз. Негізінен біз алтын, мыс, хром сынды қазбаларды іздеуге күш салып келеміз», - дейді компания басшысы. 

Соңғы жаңалықтар
telegram