Қазгидромет: 1-3 мамыр күндері елдің барлық өңірлерінде ауа райы жылы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бүкіл аумағында алғашқы мерекелік күндерде ауа райы жылы болады, деп хабарлады «Қазгидромет».

Қазгидромет: 1-3 мамыр күндері елдің барлық өңірлерінде ауа райы жылы болады

«Мамыр шуағы қазақстандықтарды мерекелік көңіл-күйге бөлейді. Мамырдың мерекелі күндері Қазақстанның барлық аумағы жоғары атмосфералық қысым жағдайында болып, күн райы ашылады. Күндізгі температура елдің басым бөлігінде 20-28 гардусқа дейін жылынып, оңтүстікте кей жерлерде 30-33 градусқа жетеді. 1-3 мамыр күндері елдің батысында, ал 2 мамырда солтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдадауы мүмкін, дегенмен бұл аймақтардарда да жылылық күндіз 15-тен 20 градусқа дейін көтеріледі», - деп хабарланды «Қазгидромет» сайтында.