Қазгидромет: 1 қазан күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қазан күні ел аумағының басым бөлігінде күн ашық, тек оңтүстікте және оңтүстік шығыста атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазгидромет: 1 қазан күнгі ауа райы болжамы

Сонымен қатар республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы ықтимал.

Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с дейін желдің күшеюі ықтимал.

Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең 1-4 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.