Қазгидромет: 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - 10 қаңтар күні республиканың басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Жел күшейіп, кейбір жерлерде тұман түсуі ықтимал. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында, күндіз Ақтөбе облысында боран соғып, жел екпіні 15-22 м/с болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда облысында, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарына тұман түседі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі, көктайғақ болып, жел екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Жамбыл облысында, түнде Маңғыстау облысында тұман болып, жел 15-22 м/с-қа дейін барады. Шығыс Қазақстан облысында екпіні 15-20 м/с жел соғып, бұрқасын болады.