Қазгидромет: 14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Түнде Қостанай, Ақтөбе, Ақмола облысының кей жерлерінде аздаған жауын-шашын болады, Қостанай, Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Түнде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде аздаған жауын-шашын болады, Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген ауданында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінде, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында жел 16-18 м/с-ке күшейеді.
Жақын тәуліктерде Сырдария өзенінде су деңгейінің төмендеуі күтілуде. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген өзендерінде мұз қалыптасу үрдісі жалғасады. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.